Ауа райы
Астана -21 °С
Алматы -9 °С
валюта бағамы
USD 386.44
EUR 428.37
RUB 6.06
CNY 54.93

Үйдің терезесін бұзып кірген қарақшы қарияны пышақтады– Ақмола облысы

2019 жылдың 21 қазан 2019 17:08

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында тұрғын үйдің терезесін бұзып кірген қарақшы 72 жастағы қарияға екі жерден пышақ салған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, биылғы 20 қазанда Ақкөл аудандық полиция бөліміне зардап шеккен зейнеткердің қызы арызданған. Оның айтуынша, белгісіз біреу оның анасының үйіне баса көктеп кіріп, пышақтап кеткен.

«Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары күдіктінің үйге кіреберіс бөлме терезесін бұзып кіргенін анықтады. Күдікті қариядан ақша талап етіп, оң жақ иығы мен іш қуысына екі жерден пышақ сұғып алған. Алайда, ақша ала алмаған соң, оқиға орнынан ізін суытқан. Іздестіру шарасына аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы тартылды. Оқиға орнын тексеру кезінде жедел-тергеу тобының криминалдық полиция қызметкерлері күдіктінің саусақ іздерін анықтады. Осы арқылы күдікті ретінде Ақкөл ауданы Мало-Александровка ауылының бұрын сотты болған 37 жастағы тұрғыны ұсталып, үстінен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті тергеу изоляторына тоғытылды», - деді ведомстводан.

Жоғары қарай