Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Үйге түтін және улы газ датчигін орнату міндеттеле ме – ТЖМ жауап берді

2021 жылдың 16 қыркүйек 2021 16:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бір жолы ғимаратқа түтін және улы газдан хабар беретін датчик орнату. Бүгінде жылу беру маусымы қарсаңында ТЖМ мамандары жеке тұрғын үй секторларын аралап өрт қауіпсіздігі ережесін түсіндірумен қатар датчик орнатуды ұсынып жатыр. Осы орайда тұрғындарды түтін мен улы газдан қорғау мақсатында датчик орнату міндеттеле ме?

Бұл сұраққа ҚР ТЖМ өртке қарсы қызмет комитеті басқармасының басшысы Ерлан Төрегелдиев жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз тұрғын үйлерді аралау кезінде датчик ортануды ұсыныс түрінде жеткіземіз. Одан әрі тұрғынның өз еркінде. Дегенмен біздің мамандар өрт пен газға уланудың алдын алуға датчиктің үлкен рөл атқаратынын айтып өтеді. Мысалы, өткен жылу беру маусымы кезінде тұрғын үйлерге орнатылған 36 датчик уақытылы дабыл қағып, 100-ге жуық адам ажалдан аман қалды. Әрине, қуантарлық жағдай. Биыл да біздің қызметкерлер жеке тұрғын үй секторларын аралап өрт қауіпсіздігі мен от жағу кезінде сақталуы тиіс талаптар түсіндіріледі. Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп осал топқа жататын отбасылардың үйлеріне тегін түрде датчик орнататын боламыз», - деді Е. Төрегелдиев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, ТЖМ өкілінің айтуынша, биылғы жылу беру маусымы қарсаңында өрт қауіпсіздігі акциясын ұйымдастыру екі кезеңнен тұрады.

Алғашқы акция 15 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында өтті. Оның аясында ТЖМ қызметкерлері еліміз бойынша 66 000-нан астам тұрғын үйді аралап, өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулық берілді.

Аталған шараның екінші кезеңі 15 қыркүйек – 15 қазан айы аралығында өтеді.


Жоғары қарай