Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ұйғыр аудандық сотының судьясы аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді

2021 жылдың 9 сәуір 2021 18:43

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері Ұйғыр аудандық соты судьясының үстінен қозғалған сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Агенттіктің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бегайдаров аталмыш істің қазір қай сатыда екенін айтты.

«Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ұйғыр аудандық соты судьясының үстінен қозғалған сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Ол сот актісін оның пайдасына шығарғаны үшін жеке тұлғадан аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді. 29 наурызда Бас прокуратура судьяның ісін сотқа жолдады» - деді Данияр Бегайдаров онлайн брифингіде.


Жоғары қарай