Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Үйінен галошпен шығып кеткен: Жамбыл облысында оқушы жоғалды

2020 жылдың 27 қараша 2020 18:57

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында 13 жастағы жасөсіпірім үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбылдық полицейлер 2007 жылы туған Төлеуханов Арсен Қазбекұлына іздеу жариялады.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, биылғы 27 қарашада түнгі сағат 03.10-да Жамбыл аудандық полиция басқармасына ауданның 66 жастағы тұрғыны арызданған. Ол 26 қараша күні сағат 19.00-де кәмелетке толмаған немересі Жамбыл ауданы, Көлқайнар бөлімшесі, Школьная көшесі, 4 мекенжайынан белгісіз бағытта шығып, қайтып келмегенін жеткізген.

Жасөспірімнің белгілері: бойы 170-171 см, орташа денелі, ақшыл өңді, шашы мен көзі қара. Үйден кеткен кезде үстінде қара көк күртеше, тоқылған көк жемпір, қалың қара спорттық шалбар және аяғында қара галош болған.

«Жоғалған бала туралы қандай да бір ақпаратқа ие болғандар болса, Жамбыл аудандық полиция басқармасы кезекші бөлімінің 8 (72633) 2-15-63, 2-13-39 нөмірі немесе «102« телефоны бойынша дереу хабарласуларыңызды сұраймыз», -делінген полиция хабарламасында.


Автор Сая Сембай
Басты сөздер: Қоғам, Аймақ, Жамбыл облысы,
Жоғары қарай