Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Үйінің терезесінен жылқыларға оқ атқан Рудный тұрғыны ұсталды

2021 жылдың 22 тамыз 2021 22:09

РУДНЫЙ. ҚазАқпарат – Рудный қаласында ішімшікке мас болған ер адам үйінің терезесінен далада жүрген жылқыларға оқ атқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қостанай облыстық полиция департаменті қаруға ұқсайтын зат ұстаған ер адам бейнеленген видеоға қатысты түсініктеме береді. Аталған фактіге орай полиция шындығында да 22 тамыз күні Рудный қаласында, 32 жастағы азаматтың мас күйде сағат шамамен 17:30-да өзінің екінші қабатта орналасқан пәтерінің балконынан қараусыз жүрген жылқыларға пневматикалық тапаншамен бірнеше мәрте оқ атқандығын расталды», - делінген ведомство ақпаратында.

Аталған факті тіркеліп, пневатикалық тапанша тәркіленген. Процессуалдық шешім қабылданғалы жатыр. Сонымен қатар қараусыз жүрген жылқылардың иесін анықтау іс-шаралары да қолға алынған. Оқиға кезінде зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Авторы: Жанна Мұсабаева
Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: Қостанай облысы, Оқиға,
Жоғары қарай