Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Үздік шығармашылық ұжымдар онлайн-концерттерін ұсынуда

2020 жылдың 5 тамыз 2020 16:46

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен «ЖАЗ ӘУЕНДЕРІ» онлайн жобасы жүзеге асырылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Концерттік-гастрольдік қызмет орталығының мәліметіне қарағанда, қ азақстандықтарға облыстық концерттік ұйымдардың үздік концерттері жинағын ұсынуға бағытталған жоба биыл 24 шілдеде Ақтөбе облысы өнерпаздарының концертімен басталды.

Жобаның мақсаты – әлемдік коронавирус індеті кезінде YouTube арнасы көрермендері мен қазақстандықтарға рухани дем беру, оларды қазақстандық үздік шығармашылық ұжымдардың өнері арқылы қолдау, ұлттық құндылықтарды насихаттау, өнердің түрлі жанрларын кеңінен дәріптеу болып табылады.




Жобаны «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» жанындағы Концерттік-гастрольдік қызмет орталығы үйлестіруде.

Бүгінгі күнге дейін 15 өңірдің филармониясы жанындағы шығармашылық ұжымдардың онлайн-концерттері Мәдениет және спорт министрлігінің YouTube арнасы арқылы көрсетіліп, көрермендерге ұсынылды. Жоба 2020 жылдың тамыз айының соңына дейін жалғасып, оған 30-дан астам концерттік ұйымдар тартылатын болады.

Жобаның жүзеге асырылуы барысында қаралым жөнінен өңірлердің өзара бәсекелесуі байқалады. Мәселен, Қызылорда, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының филармониялары ұсынған онлайн-концерттері көрермендерінің белсенділігі айтарлықтай артты.


Жоғары қарай