Ауа райы
Астана -12 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Үздік ЖОО оқытушысы байқауының бірінші кезеңі басталды

2020 жылдың 14 қараша 2020 01:19

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» байқауының бірінші кезеңі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпаратҚР Білім және ғылым министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Конкурсқа ғылыми-педагогикалық салада үздіксіз 5 жылдық еңбек өтілі бар және қызметте жоғары жетістік көрсеткен профессорлық-оқытушылық құрам қатыса алады.

Байқаудың мақсаты – ЖОО оқытушыларының кәсіби-педагогикалық мәдениетін арттыру, оқытушылардың одан әрі кәсіби дамуына деген мотивациясын арттыру.

Конкурс екі кезеңнен тұрады: 2020 жылдың 12-30 қарашасында жоғары оқу орындағы кезең; 2020 жылдың 4-15 желтоқсанында республикалық кезең.

Конкурсқа құжаттар universitycontest.iac.kz ақпараттық жүйесі арқылы тапсырылады. Оларды ЖОО қызметкерлері мен профессорлық-оқытушылық құрамының өкілдерінен тұратын сараптамалық топ мүшелері тексереді. Комиссия сараптама тобының қорытындысы негізінде шешім шығарып, үміткерлердің құжаттамасын республикалық кезеңге қатысуға жібереді.

Еске сала кетсек, ҚР Білім және ғылым министрлігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев аталмыш байқау ережесінің өзгергенін айтты.

Жоғары қарай