Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Вьетнамда көшкін жеті адамның өмірін қиып кетті,  46-сы із-түзсіз жоғалған

2020 жылдың 29 қазан 2020 07:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Вьетнамдағы Куангнам провинциясында болған екі көшкін жеті адамның өмірін қиып кетті, 46-сы із- түзсіз жоғалған. Бұл туралы ҚазАқпарат VnExpress порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Бір-біріне таяу маңда болған көшкіннің екеуі де «Молаве» тайфуны салдарынан орын алған.

Порталдың атап өтуінше, елдің премьер-министрі Нгуен Суан Фук төтенше жағдайда жедел әрекет ету және іздеу- құтқару жұмыстары бойынша ұлттық комитеттен жоғалғандарды іздеуге көмектесуді сұрады.

Метеорологтардың бағалауынша, «Молаве» соңғы 20 жыл ішіндегі елге төнген ең қуатты тайфун болып отыр.


Басты сөздер: Әлем, Оқиға,
Жоғары қарай