Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Вакцина алған азаматтар ПТР анықтамасыз Қазақстанға кіре ала ма

2021 жылдың 26 мамыр 2021 18:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шекарадан өтетін Қазақстан және шетел азаматтарына арналған карантин талаптары түсіндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР мемлекеттік бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, Қазақстанға сырттан келген шекарадан өткен әрбір азамат міндетті түрде ПТР тест анықтамасы талап етіледі. Анықтаманың жарамды мерзімі 3 күн және 5 жасқа дейінгі балалардан ПТР тест анықтамасы талап етілмейді. Аталған талап вакцина алған азаматтарға да қатысты, яғни оларда коронавирусты анықтайтын ПТР тестті тапсыруға міндетті», - деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің санитарлық-карантин пунктілерінің басшысы Дәрия Әзімбаева.

Оның айтуынша, індеттің алдын алу және таратпау мақсатында шетелден келген азаматтар арасында COVID-19-ға қатысты сауалнама жүргізеледі.

«Сондай-ақ, ел шекарасынан өткен жолаушының қолында ПТР анықтамасы бола тұрып, сол сәтте дене қызуы немесе қандай бір әлсіздіктің белгісі байқалса ол азамат оқшаулануға жіберіледі. Бұл сақтық шарасы болып табылады. Одан бөлек, сырттан келушілер мен ел азамат тарын ақпараттандыру мақсатында КВИ, вакцина, жалпы вирустан сақтану туралы түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылады», - деді ол.

Айта кетейік, Дәрия Әзімбаева жоғарыдағы мәліметті ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі ұйымдастырған мемлекеттік шекараны кесіп өту мәселелеріне арналған онлайн баспасөз мәслихаты барысында бөлісті.


Жоғары қарай