Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Вакцина дінге қайшы келмейді - Алматы мешітінің бас имамы

2021 жылдың 17 сәуір 2021 20:57

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Вакцина оразаны бұзбайды. Бұл туралы Алматы қаласының орталық мешітінің бас имамы Еркінбек Шоқай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қалада имамдар кезекпен вакцина салдырып жатыр. Бізде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының вакцина туралы пәтуасы бар. Онда екпенің бұлшық етке енетін дәрі және оның қажет екендігі туралы айтылады. Сондықтан екпе оразаны бұзбайды», - деп түсіндірді имам.

Жалпы, Алматыда түрлі діни бірлестіктердің өкілдері өздерін және жақындарын қауіпсіздендіру үшін ғана емес, сонымен қатар пандемиямен күресте Қазақстан халқының бірлігін көрсету үшін, сондай-ақ шіркеу келушілеріне вакцинациялануға болатынын ғана емес, сонымен қатар оның қажет шара екенін көрсету үшін вакцина салдыру қажет деп шешуде.

«Екінші жыл қатарынан бүкіл әлем коронавирус пандемиясының салдарынан қатаң шектеулер режимінде өмір сүруде, одан Қазақстан да зардап шекті. Бүгінгі күні бұрынғы өмірге тез оралуға көмектесетін жалғыз құрал - вакцинация. Соңғы кездері бұл процедура дінге қайшы келеді деген көптеген аңыздар пайда болды, бірақ олай емес. Вакцинация ешқандай жолмен оразаны бұзбайды, өйткені сұйықтық (зат) қанға ас қорыту жүйесі арқылы енбейді. Вакцинация денсаулықты сақтауға және басқаларды қорғауға көмектеседі. Дін бұған қарсы келмейді», - деді Еркінбек Шоқай.

Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Вакцина, Дін,
Жоғары қарай