Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Вакцинация Еуропаның барлық елінде қарқын алды – Еурокомиссия президенті

2021 жылдың 14 сәуір 2021 21:36

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Биылғы жылдың екінші тоқсанында Еуроодаққа «BioNTech-Pfizer» вакцинасының қосымша 50 млн дозасы келіп түседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Бұл туралы бүгін Еуропалық комиссияның президенті Урсула вон дер Ляйен мәлімдеді. Бастапқыда аталған 50 млн доза 2021 жылдың төртінші тоқсанында жеткізілуі керек болған.

Өндірістік қуаттың артуының арқасында неміс компаниясы өндіріс көлемін өсіріп, ЕО алдындағы міндеттемесін мерзімінен бұрын орындады.

Бұл Pfizer компаниясының ЕО-ға жеткізетін дозаларының жалпы көлемін екінші тоқсанда 250 млн дозаға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Дозалар одаққа мүше барлық мемлекет арасында халық санына пропорционалды түрде бөлінеді.

«Біз уақыт қысып тұр. Еуропалық одақтағы ересектердің 70%-ын вакциналау мақсатына неғұрлым тезірек жетсек, вирустың таралуын тежеу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады. Жақсы жаңалық - вакцинация Еуропаның барлық елінде қарқын алуда! Кешегі жағдай бойынша одаққа мүше мемлекеттер вакцинаның 126 миллионнан астам дозасын алды. Бүгін де біз ЕО-да екпенің 100 миллионнан астам дозасын алдық деп қуана айта аламын. Бұл – біз мақтана алатын меже. Осы 100 миллион екпенің төрттен бірінен астамы екінші компонетті дозалар, демек, бізде қазір 27 миллионнан астам адам толықтай вакциналанды деуге болады», - деп хабарлады У.Ляйен.

Осыған сүйене отырып, Еуропалық комиссияның басшысы ЕО Pfizer компаниясымен үшінші келісімшарт бойынша келіссөздер жүргізетінін мәлімдеді. Бұл келісімшарт 2021-2023 жылдар аралығында 1,8 миллиард доза вакцина жеткізуді көздейді.

Жоғары қарай