Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Вакцинация және ревакцинациядан кейін «жасыл» мәртебе қанша уақыт сақталады

2021 жылдың 10 желтоқсан 2021 22:53

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің міндетін атқарушы Айжан Есмағамбетова вакцинация және ревакцинациядан кейін «жасыл» мәртебенің сақталу мерзіміне қатысты жаңа құжатқа қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«COVID-19-ға қарсы вакциналаудың аяқталмаған курсы бар адамдар үшін «жасыл» мәртебе вакцинаның бірінші компонентін алғаннан кейін 21 күн бойы сақталады.

Күнтізбелік 21 күн өткеннен кейін вакциналаудың екінші курсы болмаған жағдайда «жасыл» мәртебе «көкке» ауыстырылады.

Ал COVID-19-ға қарсы вакциналаудың аяқталған курсы бар адамдар үшін «жасыл» мәртебе бір жыл бойы сақталады.

COVID-19-ға қарсы ревакцинация алған адамдар үшін ревакцинация алған күннен бастап «жасыл» мәртебе бір жыл бойы сақталады».

«Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді», - делінген ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің міндетін атқарушы Айжан Есмағамбетова қол қойған құжатта.


Жоғары қарай