Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Вакциналау паспортының қағаз нұсқасы берілмейді – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

2021 жылдың 30 мамыр 2021 14:37

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазіргі кезде қазақстандықтарға вакциналау паспортының қағаз нұсқасы берілмейді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінде мәлім етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кету керек, халық арасында вациналау паспортының қағаз нұсқасының Санитарлық-эпидемиологиялық комитеттен ақшаға тапсырыс беріп алуға болатыны жөнінде ақпарат таралуда.

«Санитарлық-эпидемиологиялық комитет қағаз нұсқада фирмалық бланкіде ешқандай вакциналау паспортын бермейді. Ондай өзгерістер орын алса, біз міндетті түрде республика азаматтарын хабардар етеміз. Мұндай сауал қарастарылып та жатқан жоқ», - деп хабарлады Комитеттен.

Ведомство жалғыз қолданыстағы вакциналау паспортының электронды екенін ескертті. Сонымен қатар Комитетте қазақстандықтарды мұқият болуға шақырып, алаяқтарға алданбауды өтінді.


Жоғары қарай