Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Вакцинаның І және ІІ компонентін шатастырып алған: Қауіп бар ма

2021 жылдың 14 мамыр 2021 17:48

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Вакцинаның бірінші компонентінің орнына екінші компонентін салудың кері салдары болмайды. Бұл туралы Қазақстан репродуктивті медицина қауымдастығының президенті, Қазақстанның бас репродуктологы Вячаслав Локшин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында вакцина алу пунктінде мейірбике қателесіп «Спутник V» вакцинасының бірінші компонентінің орнына екінші компонентін салғаны туралы айтылды. Осы орайда бұл жағдай денсаулыққа қаншалықты қауіпті екені сұралды.

Вячаслав Локшин бұл тұрғыда ешқандай проблема жоқ екенін атап өтті.

«Бірақ бұндай жағдай орын алса, оны тіркеп, екінші доза кезінде бірінші компонентті салдыру керек. Әлемде бір адамға бір мезгілде бірден бес доза салған оқиғалар болған еді. Мейірбикенің қателігінен осындай жағдай орын алды. Бұл пациенттерге медициналық бақылау жүргізілді. Атап айтқанда, бірінші және екінші компонентті алмастырып алғаннан проблема жоқ, тек екінші доза кезінде тиісті компонентті салдыру керек», - деді ғалым.


Жоғары қарай