Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Вашингтонда бензин тапшылығы сақталып отыр

2021 жылдың 16 мамыр 2021 10:44

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – АҚШ-тың Вашингтон қаласында бензин тапшылығы әлі де сақталып отыр. Дефицит Colonial Pipeline отын желісіне жасалған кибершабуылдан кейін пайда болған еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Америка дауысы басылымына сілтеме жасап.

Жағдайды бақылап отырған GasBuddy сайтының мәліметінше, жұма күні АҚШ астанасындағы көлікке жанармай құю стансаларының 88 пайызында бензин болған жоқ.

АҚШ президенті Джо Байден көлік жүргізушілеріне осы демалыс күндері отын жеткізу нормасына келетінін айтып, уәде етті.

Бұған дейін Colonial Pipeline отын құбыры жұмысының толық қалпына келгенін мәлім еткен.

Америка автомобиль қауымдастығының мәліметінше, елде бензииннің орташа бағасы бір галлон үшін 3,04 долларға дейін жеткен.

Бұл – 2014 жылдың қазан айынан бері тіркелген ең жоғары баға.

Еске сала кетсек, бірнеше күн бұрын бопсалау бағдарламасын қолдану арқылы жасалған кибершабуыл АҚШ-тағы ең ірі отын құбырының жұмысын тоқтатып, отын жеткізуге кедергі келтірген.

Бейсенбі күні президент Джо Байден хакерлердің Ресей аумағынан әрекет жасағанын, алайда АҚШ бұл кибершабуыл артында Ресей тұр деп санамайтынын мәлімдеген.

Сонымен бірге ол хакерлерді жауапқа тарту қажет екенін айтып, қарсы шаралар қолданатынын жоққа шығарған жоқ.

Басты сөздер: АҚШ, Америка, Әлем,
Жоғары қарай