Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Василий Левит спорттағы мансабын аяқтауы мүмкін бе

2021 жылдың 29 шілде 2021 17:32

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚСпорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев қазақстандық боксшы Василий Левиттің спорттық мансабы туралы сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, Василийдің өзі бұл туралы ештеңе айтпаған.

«Қазақстанға келген соң мен онымен сөйлесемін. Егер спорттағы мансабын аяқтағысы келсе, біз оған алдағы жұмысқа орналасуына барынша көмек көрсетеміз», - деді С. Сәпиев Орталық коммуникациялар қызметінде брифингте.

Айта кетейік, Токио Олимпиадасында Василй Левит алғашқы кездесуінде испаниялық Эммануэль Рейес Пладан нокаутпен жеңілді.

Ал танымал боксшы Ермахан Ыбырайымов Василий Левиттің жеңілуіне ринг төрешісі кінәлі деп есептейді.



Жоғары қарай