Ауа райы
Астана 29 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Ведомствоаралық комиссия бірқатар маңызды шешім қабылдады

2020 жылдың 13 шілде 2020 17:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссияның отырысында еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша бірқатар маңызды шешімдер қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Атырау облысының кадрлық әлеуетін нығайту мақсатында өңірге 102 жоғары білікті маман, Маңғыстау облысына 56 маман жіберілетін болды;

Бір рет қолданылатын үш қабатты медициналық масканың бөлшек саудадағы шекті бағасы 118 теңгеден 85 теңгеге дейін, яғни 28%-ға арзандатылды;

Отандық өндірістің көлемін ескере отырып, бүгінгі күні өңірлерде дене қызуын түсіретін және бактерияға қарсы препараттардың айлық қоры қалыптастырылды.

Қазақстан Республикасына дәрілік заттардың 3,5 млн орамасы жеткізілді, олар өңірлер арасында бөлініп, таратылады. Осы аптада қажетті қосымша дәрілік заттарды жеткізу ұйымдастырылады;

Белгіленген санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталмауына байланысты, денсаулық сақтау, ішкі істер министрліктеріне, өңірлердің әкімдіктеріне карантин режимінің анықталған бұзушылықтарын жоюға бағытталған барлық шараларды қабылдай отырып, мобильді топтардың жұмысын күшейту тапсырылды (жеке тұлғаларға - 30 АЕК, заңды тұлғаларға - 230 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салу көзделген);

Сонымен қоса, стационарлардағы пациенттерді оттегімен қолдауды қамтамасыз ету мақсатында өңір әкімдіктері шұғыл түрде 2600-ден астам оттегі концентраты мен медициналық газды сатып алуда.

«Елде барлық қатаң шектеу шаралары қабылданды. Енді барлық қоғамдық қозғалыстың әлеуетін тарта отырып, еліміздің әр ауданының, ауылы мен ауласының әрбір тұрғынына карантин режимін сақтау қажеттігі туралы ақпаратты сапалы жеткізу қажет», - деп түйіндеді Е. Тоғжанов.


Жоғары қарай