Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Венгрияда автобус аударылып, бір адам мерт болды

2020 жылдың 9 тамыз 2020 21:06

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Венгрияда автобус аударылып, 1 адам қаза болып, 34 адам жарақат алды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА «Укринформға» сілтеме жасап хабарлайды.

Жол апаты Кискунфелегаза қаласының маңындағы

М5 автожолында болған.

Жергілікті полиция қызметінің хабарлауынша, апат болған кезде автобуста 2 жүргізуші мен 44 жолаушыны қоса алғанда, барлығы 46 адам болған. Автобустың алдыңғы жағында отырған 35 жастағы ер адам оқиға орнында қаза болды.

Венгриялық БАҚ-тың хабарлауынша, 3 адам ауыр жағдайда жатыр, оның біреуі - 5 жасар бала.

Пал Дьерфидегі Ұлттық жедел жәрдем қызметінің өкілі берген ақпарат бойынша, венгриялық құтқарушылар оқиға орнына тікұшақтар мен 14 жедел жәрдем көлігін жіберген. Жол апатының себебі әзірге белгісіз.


Перевод Зарина Қаһарман
Басты сөздер: Әлем, Оқиға,
Жоғары қарай