Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Венгриядағы Қазақстан студенттерінің елге келуіне ешқандай кедергі жоқ - Айжан Есмағамбетова

2020 жылдың 4 шілде 2020 12:35

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Венгриядағы Қазақстан студенттерінің елге келуіне ешқандай кедергі жоқ. Бұл туралы ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әуе кемелерінің ұшып келу кестесінде Визар әуе компаниясының Будапеш -Нұр-Сұлтан бағытындағы рейсі 5 шілде күні сағат 21-35-те келетіндігі жоспарланған. Яғни, біздің тарапымыздан Будапеш қаласынан студенттердің келуіне ешқандай шектеу қойылмайды», - деді Бас санитар дәрігер Орталық коммуникациялар қызметіндегі брфинг барысында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Сонымен қатар ол ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 2020 жылғы 24 маусымдағы 42-қаулысына сәйкес, елдердің санаттарына және халықаралық әуе рейсімен келетін жолаушыларға қатысты шектеу шаралары 3-санатқа бөлінгенін айтты. Бірінші санатқа Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония, Грузия, Таиланд, Венгрия, Үндістан, Германия, Чехия, Малайзия кіреді. Бұл елден келетін жолаушылардан тек термометрия мен сауалнама алынады. Екінші санатқа Түркия, Мысыр, Украина, Польша, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және үшінші санат елдерінен тұрақты емес эвакуациялық және чартерлік рейстермен келетін жолаушыларға термометрия, сауалнама жүргізіледі. Бұл ретте 2-санаттан келген жолаушыларда 5 тәуліктен аспайтын уақыт өткен ПТР-әдістемесімен зертханалық теріс нәтижесі бар анықтамасы болса шектеусіз жүре алады.

«Ал анықтама болмаған жағдайда ұшып келген күннен бастап 48 сағат ішінде ПТР тестінен міндетті өтуі туралы хабарлама беріледі немесе олар 14 күнге үй карантиніне орналастырылады», - деді Айжан Есмағамбетова.


Жоғары қарай