Ауа райы
Астана 31 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Вице-премьер Қазақстанда дәрі тапшылығына не себеп болғанын айтты

2020 жылдың 5 шілде 2020 21:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Дәрі-дәрмек бағасын көтергендер жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде халықты толғандырған маңызды мәселе - дәріханаларды дәр-дәрмекпен қамтамасыз ету. Қазіргі уақытта бірқатар себепке байланысты дәріханаларда дәрі тапшылығы шынымен байқалып отыр. Біріншіден, адамдар дәрі-дәрмекті жаппай сатып алуынан халық тарапынан сұраныс жоғары болып тұр. Кей азаматтарымыз ондап, тіпті одан да көп орама парацетамол мен өзге де дәрілерді бірден сатып алады», - деді Ералы Тоғжанов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Мәселен, Үкімет басшысы орынбасарының дерегінше, Алматы қаласында мамыр айында 1 айдың ішінде 50 мың ғана парацетамол орамасы сатылса, қазіргі уақытта 1 тәуліктің ішінде ғана 100 мың парацетамол ормасы сатылып кеткен.

Дәл осындай жағдай дене қызуын өлшейтін аспапқа да қатысты болып отыр. Айталық, Алматыда 1 жылдың ішінде 100 мың қызу өлшегіш сатылатын болса, қазіргі уақытта дәл осындай көлем бір аптаның ішінде ғана сатылып кеткен.

«Екіншіден, алақол бәсекелестік бар. Яғни, алыпсатарлар дәрі-дәрмекті көтерме сатып алған. Осыған байланысты құзіретті құқық қорғау органдарына дәрі-дәрмек препараттарының шекті бағасының өсуіне жол бермеу жөнінде тапсырма берілді. Анықталған барлық фактілер бойынша заңнамамен бекітілген тәртіппен жауапкершіліке тарту шаралары қабылданады», - деді ол.


Жоғары қарай