Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Владимир Божко: Педагогқа дөрекілік білдіргендер бес тәулікке қамалуы мүмкін

2020 жылдың 8 қаңтар 2020 17:07

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ факультеттерінің декандарымен кездесті. Ол «Педагог мәртебесі туралы» жаңа заң жобасын түсіндірді, дарынды жастарды қолдау шаралары туралы айтып, сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өткен жылдың 30 желтоқсанында Қасым-Жомарт Тоқаев «Педагог мәртебесі туралы» Заңға қол қойды. Ол мұғалімдердің өміріне және мамандықтың беделіне қалай әсер ететіні туралы қарағандылық оқытушыларға Владимир Божко айтып берді.




«Бізге мұғалімдерді қолдау мен қорғаудың маңызды шаралары қажет. Қазір статистика бойынша, 1700 «алтын белгі» иелерінің тек 20-сы ғана педагог мамандығын меңгеруге барады. Бұл өте аз және мамандық беделінің төмендегенін көрсетеді. Жағдайды түзету үшін біз мұғалімдерге жүктемені 2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап аптасына 18 сағаттан 16 сағатқа дейін төмендетеміз. Магистр дәрежесі үшін 10 АЕК мөлшерінде қосымша ақы қарастырылған, бұл – 25 500 теңге. Қосымша төлемдер олимпиада мен конкурстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін дайындаған педагогтарға, сондай-ақ сынып жетекшілігі, дәптерлерді тексергені және басқа да жұмысы үшін төленеді», - деді ол.

Владимир Божко жаңа заңда қарастырылған айыппұлдарға тоқталды. Бұдан былай педагогтарды қадірлемей дөрекілік білдіргендер әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Мұғалімнің атына былапыт сөйлеу, әдепсіз мінез-құлық, әдепсіз әрекеттерді көрсеткені үшін жеке тұлғалар 20-дан 30 АЕК-ке дейін (79 530 теңгеге дейін) айыппұл төлейді. Егер мұғалімді 12 ден 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер ренжіткен болса, оның ата-аналарына 20 АЕК (53 000 теңге) айыппұл салынады. Дөрекілік қарым-қатынас қайталанатын болса, жауапкершілік одан да қатаңырақ болады – бес тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін.




Сондай-ақ, Владимир Божко дарынды жастарды қолдау шаралары туралы айтты. Атап айтқанда, «Ел үміті» бағдарламасы аясында ауылдағы дарынды балаларға көмек көрсетілетін болады. Енді байқаулар мен олимпиадалардың жеңімпаздары жеке квота бойынша НЗМ және басқа да мамандандырылған мектептерге түсе алады. Жақын арада дарынды балаларға арналған онлайн-мектеп пен Елбасы академиясы жұмыс істей бастайды.

Депутат сондай-ақ жастардың елден көшіп кету мәселесіне тоқталды. Оның айтуынша, ЖОО-лар кәсіптік бағдар бойынша белсенді жұмыс жүргізбейді, соның нәтижесінде талапкерлер шетел ЖОО-ларын жиі таңдайды.

Кездесу соңында ол педагогтардың сұрақтарына жауап берді. Қойылған сауалдар ғылыми саланы қаржыландыруға және білім беру гранттарының мөлшерін арттыруға қатысты болды.



Жоғары қарай