Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Владимир Путин ЕАЭО құрылуындағы Елбасының еңбегін атады

2021 жылдың 10 желтоқсан 2021 19:17

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ЕАЭО құрудағы ерекше еңбегін атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Шынында да, қазақстандық әріптесіміздің сөзін тағы да растағым келеді: Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев біздің бірлестігімізді құрудың бастамашысы болды. Оның маған телефон шалғаны да әлі есімде, сонда Н. Назарбаев Ресейдің жақын болашаққа басымдық ретінде не көретіні туралы бірқатар маңызды сұрақтар қойды. Бұл Қазақстан үшін де, Ресей үшін де интеграциялық бірлестік құру басымдық болады деп уағдаластық, бұл жөнінде бұрын да айтқанбыз», - деді Владимир Путин Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында.

Владимир Путин Қазақстанның Тұңғыш Президентінің бастамасымен бұл процесс дами бастағанын атап өтті.

«Ал қазір – бүкіл әлемдік экономика үшін де, біздің экономика үшін де осындай қиын кезеңде бәрінің дұрыс жасалғанын сезініп отырмыз. Біз қандай да бір қиындықтарға қарамастан, бірлескен күш-жігердің арқасында өзара сауданы арттыра алғанымызды көріп отырмыз. Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқандай, биылғы тоғыз айда одаққа мүше мемлекеттер арасындағы тауар айналымының көлемі шамамен 16 пайызға өскен. Біздің статистика бойынша,бұл 2019 жылдағы тиісті көрсеткіштен 10 пайызға артық. Кез келген жағдайда, бұл жақсы көрсеткіш. Өзара инвестициялар, қаржы секторы және еңбек нарығы тұрақты динамиканы көрсетуде», - деді Владимир Путин.


Жоғары қарай