Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Вокзалдағы Ashyq жобасы: Пойыз билетінің құнын қалай қайтаруға болады

2021 жылдың 15 маусым 2021 21:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жолаушы пойызға мінер алдында Ashyq жобасынан «қызыл» немесе «сары» мәртебесі шығып, жол жүруге рұқсат берілмеген жағдайда билет құнын қалай қайтаруға болады? Бұл сұраққа «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директорының маркетинг және сату жөніндегі орынбасары Виктор Бошманн жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Вокзалдарда Ashyq жобасының енгізілуіне байланысты біз пойыз билеттерін кері қайтарудың жолын ойластырдық. Яғни жолаушыдан Ashyq қосымшасы арқылы «қызыл» немесе «сары» мәртебесі анықталып, пойызға отырғызуға жіберілмеген жағдайда, ол bilet.railways.kz сайтындағы +7 707 270 36 64 What's App нөміріне жеке мәліметтерін жіберуі тиіс. Атап айтқанда, пойыз билетінің фотосын немесе скриншот, Ashyq қосымшасында шыққан мәртебесінің фотосын немесе скриншотын және жеке куәлік, төлқұжат немесе туу туралы куәлігінің суреті болуы тиіс. Содан соң жолаушы еш уайымсыз үйіне кете берсе болады. Жолаушы ем алып болған соң 6 айдың ішінде (пойыз билетінде көрсетілген күннен бастап) «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның кез-келген кассасына барып жоғарыда аталған құжаттарды көрсетіп, билетті қайтару туралы өтінішті толтырып, оның құнын кері алуға болады»,- дейді Виктор Бошманн.

Оның айтуынша, пайдаланбаған пойыз билетінің ақшасын қайтару ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі №545 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

Және жолаушыға билет құнының 50 пайызы ғана қайтарылады.


Автор Әли Ибраев
Басты сөздер: Қауіпсіздік, Карантин, Көлік,
Жоғары қарай