Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Яндекс-карталарда вакцинацияланбаған адамдардың мекенжайы көрсетіледі - фейк

2021 жылдың 11 қараша 2021 16:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желілерде Яндекс-карталарда вакцинацияланбаған адамдардың мекени жайлары көрсетіледі деген фейк ақпарат тарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде жақын арада Яндекс.Карта қосымшасында COVID-19 қарсы вакцина алмаған адамдардың мекен жайларының толық тізімі көрсетілетіні туралы жаңалықтар тарады. Мұндай шара егілген немесе денсаулығына байланысты екпе жасай алмайтындардың денсаулығына қамқорлық танытуға бағытталған екен. Бұл жалған.

Дереккөз – «Панорама» ақпарат агенттігі. Бұл сатиралық басылым, ол шынайы ақпаратты жылына бір рет, 1 сәуірде ғана жариялайды. Қалған күндері әзіл жаңалықтар жариялайды.

Демек, Яндекс.Карта қосымшасы вакцинацияланбаған адамдардың мекен жайын көруге мүмкіндік беретін арнайы фильтрді іске қосқаны туралы ақпарат жалған.
Бұған дейін біз «Панорама» АА сатиралық жаңалықтары шын деп ұсынылған жағдайлар туралы жазған болатынбыз. Мысалы, адамдар түсірілім тобы ХҒС-да жасалған жазбаларды жоғалтып алды, GUCCI сән үйі Лениннің денесіне костюмдер тігеді, сондай-ақ Киелі кітапқа ЛГБТ-ны заңдастыратын түзетулер енгізілді дегенге сеніп қалған.


Жоғары қарай