Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ЮНЕСКО Ауғанстанда қыз балалардың мектепте оқымау мәселесіне алаңдаушылық білдірді

2021 жылдың 20 қыркүйек 2021 08:48

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ЮНЕСКО-ның бас директоры Одрэ Азуле талибтердің мектепті тек ұл балалар мен ер мұғалімдер үшін ғана ашатыны туралы хабарламасына алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат БҰҰ жаңалықтар орталығы сайтына сілтеме жасап.

«Ауғанстанның болашағы ауған қыздары мен ұлдарының білім алу мүмкіндіктеріне тікелей байланысты. Біз Ауғанстанның барлық тиісті өкілдері мен органдарына мектептерді ашу кезеңінде барлық балаларға еш кедергісіз білім алуға мүмкіндік беруге шақырамыз. ЮНЕСКО басшысының айтуынша, мектептерге әйел мұғалімдерді қайтару да өте маңызды», - дейді Одрэ Азуле.

Елдегі билікті басып алған «Талибан» қозғалысының жетекшілері БҰҰ өкілдеріне қыздар мен әйелдердің білім алуына еш кедергі келтірмейтіні туралы бірнеше рет уәде берген. Алайда соңғы күндері олар мектептердің тек ұл балаларға ғана ашылатынын мәлімдеді. Қыздардың мектепке қашан баратына туралы ештеме айтылмаған.
ЮНЕСКО өкілінің айтуынша, егер қыздарды дер кезінде оқуға бармаса, оның салдары ауыр болуы мүмкін.
Сонымен қатар ол ауған балаларының құқығын қорғайтынын, олардың білім алу құқығы ұжымдық жауапкершілік екенін мәлімдеді.


Жоғары қарай