Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Юсуп Батырмұрзаев күрес түрлерінен Олимпиадаға жолдама алды

2021 жылдың 11 сәуір 2021 15:04

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия аймақтық іріктеу турнирінде қазақстандық еркін күрес шебері Юсуп Батырмұрзаев Олимпиадаға жолдама жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

125 келіде белдесетін Юсуп жартылай финалда үндістандық балуан Самит Самиттен 2:0 есебімен басым түсті. Осылайша, іріктеу турнирінің финалына шығып қана қоймай, Токио Олимпиадасына жолдама еншіледі.




Айта кетейік, бұл – қазақстандық еркін күрес шеберлерінің бесінші жолдамасы. Бұған дейінгі (төрт салмақ бойынша) жолдамаларды Әсет Серікбаев шәкірттері Нұр-Сұлтандағы әлем чемпионатында иеленген болатын.

Өкінішке қарай, 86 келідегі Азамат Дәулетбеков өзбек балуанына есе жіберіп, лицензиясыз қалды.

Юсуп Батырмұрзаев 1996 жылдың 13 сәуірінде дүниеге келген. Ақтөбе облысының намысын қорғайды, 2020 жылғы Азия чемпионатында топ жарған.

Қазақстан командасының қоржынындағы лицензиялардың жалпы саны 48-ге жеткенін еске саламыз. Күрес түрлеріндегі лицензиялар жеке балуанға емес, тұтас командаға беріледі.


Басты сөздер: Спорт, Қоғам, Олимпиада,
Жоғары қарай