Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Заңгерлерді даярлау кезінде сан қуаламай, сапаға мән беру керек - cенатор

2021 жылдың 25 ақпан 2021 12:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Отандық жоғары оқу орындарында оқитын заңгерлер көп, бірақ өкінішке қарай, заңгерлік білімнің сапасы көңіл көншітпей отыр. Сенатор Ләззат Сүлеймен өзінің Үкімет басшысының атына жолдаған депутаттық сауалында осы мәселені көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Білім және ғылым министрлігінің мәліметіне сәйкес, еліміздің 113 жоғары оқу орнының 71-і заңгер мамандарын даярлайды. Оның ішінде аграрлық, педагогикалық, қаржылық, теміржол, инновациялық бағыттағы оқу орындары да заңгерлер даярлауда. Ведомстволық оқу орындары даярлаған мамандарды қоспағанда, жоғары оқу орындары соңғы 5 жылда 107 278 заңгер маман диплом алған. Сарапшылардың пікірінше, заңгерлік білім сапасы тіпті сын көтермейді», - деді Ләззат Сүлеймен.

Сенатордың пікірінше, бұл саладағы жалғыз проблема емес. Құқықтану саласында арнайы кәсіби стандарттың жоқтығы, профессорлық-оқытушылық құрамның тапшылығы, сондай-ақ оқу және ғылыми процестерді үйлестірудің болмауы болашақ заңгерлерді даярлау сапасына теріс әсер етеді.

Сенатор жағдайды жақсарту үшін бірқатар бастаманы енгізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Атап айтқанда, заңгерлерді оқытатын оқу орындарын лицензиялау шарттарын қатаңдату аса маңызды, студенттердің практикадан өту тетіктерін жетілдіру және заңгерлік маман даярлауды бейінді оқу орындарына беру қажет екенін жеткізді.


Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Сенат, Білім,
Жоғары қарай