Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Зейнетақы қаржысын емделу үшін алу ережелері осы айдың соңында жарияланады

2021 жылдың 22 қаңтар 2021 15:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Зейнетақының бір бөлігін емделуге жұмсау ережелері 2021 жылғы қаңтар айының соңына дейін дайын болады. «Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Емделуге жұмсау жөнінде айтар болсақ, біз әзірге тек бірыңғай оператор функциясын атқаруға келісім бердік. Сол себепті Үкімет қаулысында емделуге байланысты төлемнің бәрі «Отбасы банк» арқылы өтетіні нақты жазылған», - деді басқарма төрағасы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, бұл ережелер осы айдың соңына дейін дайын болады.

«Қазіргі таңда ішкі норматив процедураларына сәйкес, бұл мәселе мемлекеттік органдармен талқыланып жатыр. Содан кейін Денсаулық сақтау министрінің бұйрығын Әділет министрлігіне тіркеу керек», - деді ол.

«Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасы зейнетақының бір бөлігін сирек кездесетін ауруларға, ересектердің тісін емдеу қызметіне жұмсауға болатынын атап өтті.

Бұл ретте оның айтуынша ересектерге денсаулық күйін жақсартып алуға боларлық мүмкіндік беріледі.

Еске сала кетсек бұған дейін құрылыс жəне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Еркебұлан Дауылбаев азаматтар зейнетақы жинағының бір бөлігін қандай жағдайда пайдалана алатынын түсіндірген болатын.


Жоғары қарай