Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Зейнетақы жинағы: Ипотекасыз тұрғын үй сатып алу кезінде қандай құжаттар қажет

2021 жылдың 10 ақпан 2021 23:12

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Зейнетақы жинағын пайдаланы отырып, ипотекасыз тұрғын үй сатып алу (толық сатып алу) кезінде қандай құжаттар керектігі жарияланды. Бұл туралы ҚазАқпарат Отбасы банкінің желідегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

45 күннің ішінде​ сатушымен бірге Халыққа қызмет көрсету орталығына немесе​ нотариусқа барып сатып алу – сату келісім шартын рәсімдеп, қаражаттың мақсатты қолданылатынын растау үшін​ келесі құжаттарды enpf-otbasy.kz онлайн платформасына PDF форматында жүктеу қажет:

1.​ ​ ​Уәкілетті орган тіркеген тұрғын үйді сатып алу-сату шарты.
2.​ ​ ​Мемлекеттік тіркеу туралы анықтама. (сатып алу-сату шартын тіркеген мекемеден алынады ХҚКО немесе нотариус)
3.​ ​ ​Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама (egov.kz - арқылы алуға болады)
1 және 2 құжаттарды бір PDF файлға жүктеу керек.
Егер сіздің сканер PDF форматындағы құжат жасай алмаса, онда www.ilovepdf.com сайты арқылы кез келген JPEG, PNG немесе басқа форматтағы құжатты PDF - ке тегін ауыстыра аласыз.
Құжаттарды жүктеген соң қаражатты сатушыға аудару туралы өтінішке ЭЦҚ көмегімен қол қойыңыз.
10 жұмыс күні ішінде қаражат сатып алу – сату келісім шартында көрсетілген деректемелер бойынша сатушының шотына түсетін болады.
Еске салсақ, бұған дейін аталған платформада пәтер сатып алу немесе займды өтеуге арналған құжаттарды жүктегенге дейін бірреттік зейнетақы төлемін алған соң оған туысыңыз берген қаражатты қосу мүмкіндігі берілген еді.

2021 жылы 2 қаңтарда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы жинағының бір бөлігін мақсатты пайдалануға қатысты заңға қол қойды.

Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарын пайдалану үшін жаңартылған «жеткіліктілік шегі» жарияланды. Зейнетақы жинағынан алуға болатын сома БЖЗҚ сайтында автоматты түрде көрсетіледі.

23 қаңтардан Қазақстанда зейнетақының бір бөлігін алуға өтінім қабылдау басталды. Арнайы порталда зейнетақының бір бөлігін алуға өтінім қабылдау басталғалы үш сағаттың ішінде 4 мыңнан астам адам өтініш берді.


Жоғары қарай