Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Зейнетақы жинағын «Отбасы банкке» аударған соң үш жыл ішінде ипотека рәсімдеу қажет

2021 жылдың 11 желтоқсан 2021 13:48

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Зейнетақы жинағын банктегі депозитке аударған соң үш жыл ішінде тұрғын үй заемын ресімдеу қажет, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында кеше ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов қол қойған жаңа бұйрықта айтылған.

Министрлік мәліметіне сүйенсек, жаңа нормаларға сәйкес енді мынандай мүмкіндіктер пайда болды:

- баспана сатып алуға қаржы жинақтау үшін тұрғын үй құрылыс жинағы бойынша салымды толтыру. Бұл ретте үш жыл ішінде тұрғын үй заемын ресімдеу қажет.

- жеке үй салу үшін жер учаскесін сатып алу немесе өзінің жер учаскесінде жеке тұрғын үй салу.


Жоғары қарай