Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу бойынша 210,8 мың өтініш орындалды

2021 жылдың 12 сәуір 2021 12:49

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев зейнетақы активтері бойынша биылғы жылдың басынан бергі жағдайға түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«БЖЗҚ зейнетақы активтері биылғы жылдың басынан бері халықтың қаражатты мерзімінен бұрын алуына байланысты 0,3 тлрн теңгеге немесе 12,6 тлрн теңгеге дейін 2,3 пайызға төмендеді. Салымшылар енгізген зейнетақы жарналарының көлемі 299,1 млрд теңгені, зейнетақы төлемдері 77,1 млрд теңгені құрады. Биылдың басынан бастап есептелген инвестициялық табыстың мөлшері 367,2 млрд теңгеге жетті. Осы жылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша инфляция 1,9% кезінде 2,8 пайыз мөлшерінде кірістілік алынды. Инвестициялық қызмет, сондай-ақ зейнетақы активтерін нарықтық және бағамдық қайта бағалау нәтижесінде нақты кірістілік қамтамасыз етілді», - деді ҰБ басшысы Үкімет отырысында биылғы қаңтар-наурызда елдің әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын талқылау кезінде.

Оның айтуынша, биылғы 9 сәуірдегі жағдай бойынша 1 тлрн теңгеден аса сомаға салымшылардың зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу бойынша 210,8 мың өтініші орындалды. Алынған жинақтардың 99,4 пайызын азаматтар тұрғын үй мәселелерін шешуге жұмсады», - деді Досаев.

Бұдан бөлек, 4 басқарушы компанияның сенімгерлік басқаруына 2,5 млрд теңгеге зейнетақы жинақтары берілді.


Жоғары қарай