Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Зейнетақы жинаушылар «Қазақтелекомның» акционері атанады

2020 жылдың 4 маусым 2020 23:48

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ «Қазақтелеком» АҚ-ның 10 пайыз акциясын сатып алады. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Келесі компания - «Қазақтелеком». Қор (Самұрық-Қазына) «Қазақтелеком» компаниясының 50 пайыз акциясына иелік етеді. Компания жария саналады және KASE-де листингіленеді және әсіресе, қазіргі реалияда стратегиялық актив саналады. Ұлттық банкпен келіссөз жүргіздік. «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» Қордың 10 пайыз акциясын сатып алады», - деді Ахметжан Есімов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен Қорды басқару жөніндегі кеңесте.

Осы орайда ол «Қазақтелеком» компаниясының 10 пайыз акциясын БЖЗҚ-ға сатудағы басымдыққа тоқталды.

«Ең алдымен, сату әдісін өзгертудің қажеті жоқ. Компанияның орналастыру дайындығы өте жоғары. Акция құнының өсімі «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының» табысын арттыратын болады», - деді ол.


Жоғары қарай