Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Зейнетақыны пайдалану: Қазақстандықтардың 250 мың өтінімі неге қабылданбады

2021 жылдың 13 маусым 2021 23:01

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалануға болатын үш бағыт бойынша барлығы 326 973 өтінімді мақұлдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2021 жылдың 10 маусымындағы жағдайы бойынша, БЖЗҚ-ға уәкілетті операторлардан:

- тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін 561 167 (қабылданбағаны 245 931) өтінім,

- емделуге 13 595 (қабылданбағаны 3 781) өтінім,

- инвестициялық портфельді басқарушыларға аударуға 2 352 (қабылданбағаны 429) өтінім келіп түсті.⠀

Яғни, БЖЗҚ біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалануға болатын үш бағыт бойынша барлығы 326 973 өтінімді мақұлдады.

Ал қабылданбай қалған өтінімдердің себебі келесідей:
1. Соманың дұрыс көрсетілмеуі, оның ішінде зейнетақы жинақтарының сомасы артық көрсетілген.
2. Жеке табыс салығын (ЖТС) төлеу тәсілін таңдау кезінде алуға сұраныс жасалатын сомалар дұрыс көрсетілмеген.
3. Салымшылар алуға болатын сома шегінде емес, зейнетақы жинақтарының бүкіл сомасын көрсеткен.
4. Өтінімде өзекті емес сомалар көрсетілген, яғни салымшылар инвестициялық табыстың нарықтық ауытқуына байланысты зейнетақы жинақтары сомасындағы өзгерістерді ескермеген.
5. «БЖЗҚ» АҚ деректер базасында жеке зейнетақы шоттары және тиісінше зейнетақы жинақтары жоқ тұлғалардан өтінімдердің түсуі.
6. Салымшылардың өтінімді қайталап жіберуі.

Еске салайық, бұған дейін ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін зейнетақы жинақтарын пайдалануға беру жөніндегі тапсырмасының орындалуы туралы аралық нәтижелерді ұсынған болатын. Ұсынылған мәліметке сәйкес, қазақстандықтар 356,4 млрд теңге зейнетақысын баспанаға жұмсаған.

Қазақстан азаматтарына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жинақтарының бір бөлігін пайдалану құқығы биылғы жыл басынан бастап берілді.

ҚР Президенті тиісті заңға 2 қаңтарда қол қойды.








Жоғары қарай