Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жаһандық жылыну: Орталық Азияға қандай қауіп төнеді

2020 жылдың 26 қыркүйек 2020 17:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ХХІ ғасырда жаһандық жылыну деңгейі шамамен 4°C градус болса, ал Орталық Азияда бұл көрсеткіш 5-7°C градусқа жетуі мүмкін. Бұл туралы қоғам қайраткері, эколог Салтанат Рахымбекованы еске алуға арналған онлайн-конференцияда Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы басқарма төрағасының орынбасары Елдос Абаканов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ХХІ ғасырдың соңына қарай Орталық Азиядағы орташа жылдық температура 7°C-қа көтерілуі мүмкін. Біріншіден, бұл жоғары температура су ресурстарына теріс әсерін тигізеді. Екіншіден, суды көп қажет ететін өсімдіктер әлеміне қауіп төнеді. Үшіншіден, Орталық Азияның төменгі бөлігінде орналасқан өсімдіктер, жаңа климатқа бейімделе алмай, жойылады. Ал жер шарының орта белдеуінде өсетін өсімдіктер жоғарғы жарты шарға қарай ығысады», - деді Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы басқарма төрағасының орынбасары.

Сондай-ақ, ол алдағы уақытта Орталық Азия қандай экологиялық шығынға ұшырайтыны туралы деректермен бөлісті.

«2010 жылы Орталық Азиядағы климаттың өзгеруі әсерінен келген орташа шығын жылына 1,5 млн долларды құрады. Бұл бағыттағы шығындар 2050 жылға қарай 547 млн доллар, ал 2100 жылы - 1,796 млн долларға жетпек. Сонымен қатар, 2025 жылға қарай әлем халқының 33%-ы су тапшылығынан зардап шегуі мүмкін», - деп атап өтті Елдос Абаканов.

Еске сала кетейік, 25 қыркүйекте Мәжіліс депутаттары экологиялық қатынастарды реттеудегі жаңа ережелер ескерілген Экологиялық кодекс жобасын талқылаған болатын.



Автор Әлихан Асқар
Басты сөздер: Экология,
Жоғары қарай