Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жақында Димаштың жаңа бейнебаяны жарыққа шығады

2021 жылдың 24 қаңтар 2021 10:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Димаш Құдайберген Instagram-дағы парақшасында жаңа бейнебаянның тизерін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жақында «Golden» әніне түсірілген жаңа бейнеклипім шығады. Ең алдымен #dears-қа қолдау көрсеткені үшін және менің жаңа туындыларымды әрқашан асыға күтетіні үшін алғыс айтамын», деп жазды Д. Құдайберген Instagram-дағы парақшасында.

Осы орайда ол аталған туынды YouTube каналында жарияланатынын атап өтті.

«Менің жаңа бейнеклипім жақсы әсерге бөлейді деп сенемін. Мен сіздерді YouTube каналымда күтемін. Шығатын күні жақын арада белгілі болады. Жаңалықтар назарларыңызда болсын!», - деді әнші.

Еске сала кетейік, 2020 жылы желтоқсан айында әнші «Мені сені сағынамын» әніне түсірілген бейнебаянын YouTube-тағы ресми арнасына жариялады.



Жоғары қарай