Ауа райы
Астана -16 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жалағашта бронды кеудеше мен әскери каска жасайтын өндіріс орны бар

2020 жылдың 15 қазан 2020 13:21

ЖАЛАҒАШ. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Жалағаш ауданындағы «Өркен Әлем» ЖШС бронды кеудеше және каска дайындау бағытында өнімділікті арттырып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Серіктестікте 60-қа жуық адам еңбек етеді. Өндіріс орны былтыр 5 мың дана броньды кеудеше, 2 мың дана каска дайындаған. Биыл 4840 дана броньды кеудеше тігіп үлгерді.

Айта кетейік, цех бір жылда - 7,5 мың данаға дейін броньды кеудеше, 15 мың данаға дейін әскери каска және 500 дана арнайы киім тігуге қауқарлы. Іргелі нысан өндіріс көлемін кеңейтті.

Өнеркәсіп аумағында құны 80 млн теңгені құрайтын арнайы каска дайындау цехының жұмысын бастады.

Серіктестік екі жылдай бұрын жұмысын бастаған. Жобаның жалпы құны - 38,2 млн теңге. Жаңа стандартқа сай тігін машиналары Ресейден жеткізілді. Серіктестік мемлекеттік тапсырысты орындайды.

Оған қоса аудан тұрғындарына да қызмет көрсетеді. Киім-кешек, құрақ көрпешелер, төсек жабдықтарын тігеді.

Серіктестікте пандемия кезінде 7000 бетперде тігілді.

Бұл дүниелер жергілікті тұрғындарға аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі арқылы тегін таратылды.





Жоғары қарай