Ауа райы
Астана 27 °С
Алматы 32 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Жалған ақпарат дәрігерлердің жұмысына кедергі келтіреді – Алматы облысының бас дәрігері

2020 жылдың 31 наурыз 2020 07:34

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Тұрғындар арасында тарайтын жалған ақпарат медицина мамандарының негізгі жұмыстарына айтарлықтай кедергі келтіреді. Бұл пікірді Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Бауыржан Ысқақ білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жалған ақпарат дәрігерлердің жұмысына айтарлықтай кедергі келтіреді. Өйткені ел арасында денсаулық сақтау саласына қатысты қандай да бір әңгіме шыққан жағдайда, біз оны тексеріп, оның қайдан шыққанын анықтап білуіміз керек. Өз кезегінде ол біздің осыған дейін атқарап тастаған жұмысымызды қайта қарап, тексеруге мәжбүрлейді. Яғни біз мамандардың басым бөлігін осы жұмысқа тартамыз да, дәрігерлер атқаруы тиіс негізгі жұмыстар кейінгі қалады. Біз басқаша әрекет ете алмаймыз, өйткені біз тараған ақпараттың рас немесе жалған екенін білмейміз. Ал оны анықтауға өте көп көп уақыт кетеді. Сондықтан мен ел азаматтарын тек тексерілген ресми ақпараттарға ғана сенуге шақырамын»,-деді Б.Ысқақ.

Айта кетейік, жақында Алматы облысы Жамбыл ауданына қарасты Үмбеталы ауылының 31 жастағы тұрғыны WhatsApp мэссенджері арқылы Қайназар мен Ұзынағаш ауылдарында екі адамның коронавирус жұқтырғаны туралы ақпарат таратқан.

Аталған факті ҚР ҚК 274 бабы, 4 бөлігі бойынша (Төтенше жағдай кезінде жалған ақпарат тарату) сотқа дейінгі өндіріске алынды. Заңға сәйкес, мұндай жалған ақпарат таратқан азаматтың 3-тен 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан ажырату шарасы қарастырылған.


Хасан Еспанов


Жоғары қарай