Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жалған ақшаны қалай анықтауға болады

2021 жылдың 16 шілде 2021 17:01

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық банк жалған ақша мен шын ақшаны ажыратудың жолдарын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Банк мамандарының айтуынша, қолдан ақша жасаушылар негізінен визуалды қорғаныш элементтерін имитациялайды. Яғни, қолдан жасау мүмкін емес қорғаныш элементтеріне ұқсас бейнелер жасайды.

«Бір қарағанда, олар шын ақша сияқты болуы мүмкін, бірақ банкнотты мұқият зерделеп көрген кезде қолдан жасалғанын анықтай аласыз. Түпнұсқа банкноттар айқын бейнелерімен ерекшеленеді, аңыздағы Самұрық құсы түріндегі су белгісі, номиналы, сондай-ақ жарық түсірген кезде анық көрінетін қорғаныш жібі бар», - деп жазылған түсіндірмеде.

Шын банкнотты жалған ақшадан ажырату үшін түпнұсқадағы бірнеше белгіні білу жеткілікті көрінеді. Еліміздегі жалған банкноттардың негізгі бөлігі түпнұсқаның кейбір белгілерін ғана имитациялайтын жеңілдетілген технологиямен шығарылады екен. Қолдан жасалған мұндай банкнотты арнайы жабдықтың көмегінсіз-ақ «сезін – қара – аударып көр» әдісін қолдану арқылы анықтауға болады.

Яғни ең әуелі банкнотты ұстап сезіну қажет.

«Банкнот қағазы ерекше шытырлайды. Барлық банкнотта бедер беретін арнайы мөр басылған. Егер «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген атауды немесе Қазақстан картасындағы архитектуралық бейнелерді саусақпен ұстап көрсе, бедерді сезуге болады», - деп жазады Ұлттық банк манадары.

Сонымен қатар, барлық банкнотта көзі нашар көретін адамдарға арналған белгілер бар, олар банкноттың төменгі бөлігінде орналасқан. Бұлар – ұстап көргенде жақсы ажыратуға болатын жоғары бедерлі элементтер.







Екіншіден, банкнотты мұқият қарау керек.




«Бастапқыда ақша белгісінің таза, айқын, контрасты немесе лас болуын, дақтарының болуын жалпы көзбен көріп зерделеу қажет. Банкнотты жарыққа қаратып, аңыздағы самұрық құсы түріндегі су белгісін және номиналдың сандық бейнесін көруге болады. Дәл осы сияқты, жазулары бар нүктелік сызықтар түрінде қағаз бетінде пайда болатын магнитті (металдандырылған) үзік жіпті тексеру қажет. Ол біртұтас болуы керек», - делінген түсіндірмеде.







Ақшаның жалған емес екенін анықтаудың үшінші жолы - банкнотты аударып қарау.

1000 теңгеден 20 000 теңгеге дейінгі банкноттарда көлбеу бұрышына қарай түсін жасылдан алтын түске дейін өзгертетін ерекше элемент бар. Банкнотты әр түрлі бұрыштарға баяу бұрған кезде элемент бойымен түсті жолақтың қозғалысын көруге болады.







Сондай-ақ, 2000 және 5000 теңгелік банкноттардың сырт жағында голографиялық жолақ бар. Голограммадағы суреттер жарқырайды және динамикалық әсері бар.





Жоғары қарай