Ауа райы
Астана 27 °С
Алматы 32 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Жалған антисептик өнімдерді қалай анықтауға болады – маман кеңесі

2020 жылдың 18 наурыз 2020 22:03

ТЕМІРТАУ. ҚазАқпарат - Теміртауда жалған антисептик сатушылар ұсталды деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы іс бойынша Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады.

Егер өнім берушілердің кінәсі дәлелденсе, оларға айыппұл және тауарды тәркілеу қаупі төніп тұр.

«Контрафактілі өнімді түпнұсқадан бірнеше белгімен ажыратуға болады. Біріншіден, орамаға назар аудару керек: ол ақаусыз, дәл және тығыз жапсырылған заттаңбасы бар болуы керек. Онда міндетті түрде өндірушінің барлық деректері, дайындалған күні және жарамдылық мерзімі болуы тиіс. Барлық ақпарат екі тілде - мемлекеттік және орыс тілінде болуы тиіс», - дейді департамент қызметкерлері.


Жоғары қарай