Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жалған паспорт алған адамдарға вакцина ақылы бола ма

2021 жылдың 20 тамыз 2021 19:23

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Вакциналаудың жалған паспорттарын сатып алу фактілері азайды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметінде вакцина паспорттарын сатып алған адамдарға амнистия жасауға қатысты сұрақ қойылды.

«Қазіргі кезде азаматтық қоғам осындай мәселені көтеріп отыр. Сарапшылар оның барлығын пысықтап жатыр. Медицина қызметкерлері тарапынан заңнаманы бұзу бойынша лайықты жаза болуы керек. Қазіргі кезде аталған заң бұзушылықпен қатаң күрес жүріп жатыр. Бізде ондай фактілер (жалған паспорттарды сатып алу) азайып келеді. Ондай оқиғалар бойынша қылмыстық істер қозғалды. Енді азаматтарды вакциналаумен қамтудың қадамдарын айқындап жатырмыз. Яғни заңнамалық мәселелерді пысықтап отырмыз. Атап айтқанда, жауапкершілік болуы керек. Кейбір адамдарды өзге біреулер шатастыруы мүмкін, олар қазір өздерінің көзқарасын өзгертіп жатыр. Азаматтар вакцинаның пайдасын көріп отыр», - деді А. Цой.

Оның айтуынша, анықталған фактілер бойынша қылмыстық істер жүргізіліп жатыр.

Баспасөз мәслихатында тілшілер «вакциналау паспорттарын сатып алғандар алдағы уақытта екпені өз қаржатына сатып ала ма» деген сұрақ қойды.

«Бұл қадамдарды айқындап жатырмыз, яғни оның форматы пысықталуда. Заң аясындағы мәселелерді шешкен кезде, осы қадамдарды халыққа жария етеміз», - деді министр.


Жоғары қарай