Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Жалған террористің» әлеуметтік портреті қандай

2021 жылдың 20 қыркүйек 2021 12:43

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР ІІМ экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Дархан Разуев «жалған террористің» әлеуметтік портретін сипаттап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалған террористтің» әлеуметтік портретіне келетін болсам, жалған террористік ақпарат таратын барлық қылмыстың 88 пайызын жұмыссыздар, тек 9 пайызын жұмыс істейтін азаматтар жасаған. Ал 3 пайызын – оқушылар», - деді ол ІІМ баспасөз қызметі алаңында брифинг барысында.

Оның дерегінше, «әзілқойлардың» орташа жасы – 30 бен 49 жас арасын құрайды.

«Олар жыл сайын осы санаттағы қылмыстың 55 пайызын жасаған. Бірақ, қаскөйлердің арасында 18 бен 29 жас аралығында жастар да кездеседі. Олар 27 пайызды құрайды», - деді Дархан Разуев.


Жоғары қарай