Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жалғызбасы ата-аналардың қашықтан жұмыс істеуін заңнамалық тұрғыда қарастыру қажет –Тоқаев

2021 жылдың 16 қараша 2021 18:19

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жалғызбасы ата-аналардың қашықтан жұмыс істеу құқығын заңнамалық тұрғыда қарастыру қажет. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 6-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Президенті мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі ана мен баланы қолдау екеніне назар аудартты. Сонымен қатар әйел адамдар бала күтімімен ұзақ уақыт отырғанда кәсіби қабілетін төмендетіп алатынын, тіпті жалғызбасты ата-аналарға мұндайда тіпті қиынға соғатынын, оларға ерекше еңбек жағдайы жасалуы керек екенін баса айтты.

«Олар үшін ерекше еңбек жағдайын жасау қажет. Жалғызбасты ата-аналардың қашықтан жұмыс істеу және жұмыс істеудің қысқартылған режимі құқығын заңнамалық деңгейде қарастырған жөн. Дамыған елдерде ірі компаниялар өз кеңселелерде балалар бөлмелерін ашып жатады. Мұндай тәжірибе бізде де нормаға айналуы тиіс»,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, ол үшін аталған санатқа кіретін жұмысшының мүддесін ескеретін жұмыс режимін реттеудің тиімді тетіктерін енгізу қажет. Бұл ретте үздіксіз еңбек процесін, соған сай өндірісті қамтамасыз ету де маңызды.


Жоғары қарай