Ауа райы
Астана -16 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жалпы ішкі өнім 2,3% төмендейді – Ұлттық банк

2020 жылдың 8 қыркүйек 2020 12:41

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов макроэкономикалық жағдай туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Базалық сценарий бойынша ішкі сұраныс пен экспорттың төмендеуіне байланысты 2020 жылы жалпы ішкі өнім 2-2,3% төмендейді. Тұтынушылардың сұранысы қысқарады деп күтілуде.Пандемияға байланысты халықтың ақшалай кірісі азайды. Мұнай бағасының төмендеуі, сондай-ақ экономикалық белсенділіктің қысқаруы және ТШО құрылысындағы инвестициялық белсенділіктің бәсеңдеу негізгі факторлар болады», - деді Ақылжан Баймағамбетов.

Сонымен қатар, ол сыртқы сұраныстың төмендеуіне және ОПЕК + келісімі бойынша өндіріс көлемінің қысқаруына байланысты экспорт теріс динамиканы көрсететінін атап өтті.

«Біздің жаңартылған болжамымызға сәйкес, жылдық инфляция 2020 жылдың соңына қарай 8% құрайды, яғни бұрын жарияланған 8-8,5% аралығында төменгі шекке жақын болады. Инфляциялық процестер азық-түлік бағаларының үздіксіз өсуіне байланысты. Сонымен қатар, ақылы қызметтер бағасының өсу мүмкіндігімен байланысты инфляциялық тәуекелдердің пайда болу ықтималдылығы бар. Десекте, халықтың нақты ақшалай кірістерінің әлсіз динамикасы мен әлемдік азық-түлік тауарларының бағасы төмендейді деп күтілуде. Яғни, бұл 2020 жылы инфляцияның өсуін шектейді», - деді Ақылжан Баймағамбетов.

Оның айтуынша, 2021 жылдың аяғында инфляция біртіндеп баяулап, 4-6 %-дық деңгейде тұрақтанатынын тілге тиек етті.

«Инфляцияның едәуір баяулауы 2021 жылы республикалық бюджеттің жоғары тапшылығымен және 2020 жылға қарағанда сыртқы инфляциялық фонның шамалы өсуімен шектеледі»,– деді ол.


Жоғары қарай