Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жамбыл бағытында жүрмей тұрған пойыз билетінің құны қайтарыла ма

2021 жылдың 27 тамыз 2021 19:35

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жамбыл облысындағы төтенше жағдайға байланысты қазіргі уақытта бірнеше бағытта пойыз жүрісі тоқтап тұр. Осы орайда пойызға билет алып қойған жолаушыларды оның құны мазалайды. Билет құнын қайтаруға қатысты «Қазақстан темір жол» ұлттық компаниясы ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тоқтатылған пойыздарға бұрын жол жүру құжаттарын (билеттерін) ресімдеген жолаушылар қайтаруды ресімдеп, ақшалай қаражатты ұстап қалусыз толық көлемде ала алады. Жол жүру құжаттарын (билеттерді) қайтару бойынша түсіндірме алу үшін 8-707-270-36-64 Whats App нөміріне хабарласуға болады», - деді «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының БАҚ-пен жұмыс жөніндегі департаментінің директоры Қайсар Жұмабайұлы.

Бұған дейін ҚТЖ өкілі аталған өңірге қатынайтын пойыздар қозғалысына қатысты мәлімдеме жасады.

Айта кетсек, жолаушылар өзін мазалаған сұрақтардың жауабын «105» нөміріне хабарласып біле алады.

Сондай-ақ, жолаушыларға вокзалдардың анықтама қызметі де көмек көрсетуге әзір.

Алматы-2 станциясы 8-7272-96-13-15

Алматы-1 станциясы 8-7272-96-33-90

Луговая станциясв 8-263-13-61-05

Шымкент станциясы 8-7252-95-21-24

Тараз станциясы 8-7262-96-24-59

Шу станциясы 8-7264-36-36-82

Қызылорда станциясы 8-7242-29-21-35


Жоғары қарай