Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жамбыл облысы Экономикалық тергеу департаментінің басшысы тағайындалды

2021 жылдың 10 маусым 2021 17:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Төрағасы Жанат Элимановтың бұйрығымен Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы лауазымына Қайрат Сәлімұлы Бектембаев тағайындалды, деп хабарлайды ҚР ҚМА баспасөз қызметі.

Қайрат Бектембаев еңбек жолын 1991 жылы бастап, 25-тен астам жыл бойы қаржы полициясы және мемлекеттік кірістер органдарында қызмет етті.

2019-2020 жылдары Қарағанды облысы бойынша ЭТД-де б асқарма басшысы қызметін атқарған.

2021 жылдың наурызынан бастап Түркістан облысы бойынша ЭТД басшысының орынбасары лауазымында жұмыс істеген.


Жоғары қарай