Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жамбыл облысы ветеринария басқармасына жаңа басшы келді

2020 жылдың 15 шілде 2020 16:43

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы әкімінің өкімімен ветеринария басқармасының басшысы болып Ербол Жұмабекұлы Жиенқұлов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ербол Жиенқұлов 1986 жылы Жамбыл облысы, Талас ауданында туған, білімі жоғары.

2008 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін «Ветеринарлық-санитарлық дәрігер» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2008 жылы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» мемлекеттік мекемесінің Жамбыл облыстық филиалының аға маманы болып бастаған ол 2010-2011 жылдары осы мекемеде жетекші маман, 2011-2017 жылдары бас маман болып қызмет атқарды.

2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Республикалық эпизоотияға қарсы жасақ» мемлекеттік мекемесінің Жамбыл облыстық филиалының басшысы болып келген.


Жоғары қарай