Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жамбыл облысында 108,1 млн теңге жалақы берешегі өтелді

2021 жылдың 17 маусым 2021 02:25

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кезекті аппараттық кеңесте қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мәселелері сараланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Облыстың кейбір аудандарында ауыр жүк техникаларының салдарынан жөнделген жолдар қайта бұзылуда. Тиісті басқарма мердігерлерден анықталған кемшіліктерді реттеуді талап етуі тиіс.

Көлік инспекциясы ауыр жүк көліктерінің қозғалысын бақылауды күшейтуі керек», - деді облыс әкімі.

Сондай-ақ, кеңесте Еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Қайрат Досаев, жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 475 жеке және заңды тұлғаның өтініші негізінде 36 жоспардан тыс тексеру жүргізіп, 26 заң бұзушылықтың анықталғанын мәлім етті. Нәтижесінде жалпы құны 1 миллионнан астам теңге көлемінде 8 айыппұл салынып, 15 нұсқама берілген.

Жыл басынан бері 108,1 млн теңге көлемінде жалақы берешегі анықталып, бүгінгі күнге дейін ол толығымен өтеліп, 733 қызметкердің еңбек құқығы қорғалған.

Одан бөлек, облыстық «Ыстық нүкте» картасы әзірленіп, оған өңірдегі еңбек тәуекел қаупі жоғары 45 кәсіпорын енгізіліп, тұрақты бақылауға алынған.

Сонымен қатар, Қайрат Досаев Тараз қаласындағы барлық кәсіпорындар ұжымдық келісімшартқа отырмағанын тілге тиек етті.

Бердібек Сапарбаев Тараз қаласы мен аудандардың әкімдіктеріне ұжымдық шарттарға қол қою және электронды еңбек шарттарын енгізу барысын қадағалауды тапсырды.

«Ең бастысы – сапалы құрылыспен қаражаттың уақтылы игерілуі, жергілікті материалдардың қолданылуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және жұмысшыларға жалақының тұрақты төленуі», - деп түйіндеді облыс әкімі.


Жоғары қарай