Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жамбыл облысында 179 адам жансақтау бөлімінде жатыр

2021 жылдың 19 тамыз 2021 19:46

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында 179 науқас жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Соңғы мәлімет бойынша Жамбыл облысының инфекциялық стационарларына барлығы 3 634 төсек орын қарастырылған, оның ішінде 1 976 кереует толтырылған, бұл - 54 пайыз.

«Қазіргі таңда жансақтау бөлімдерінде 179 науқас ем қабылдауда. Өткен тәулікте КВИ-дың 219, пневмонияның 37 жағдайы тіркелді. Бүгінге дейін ауруханадан барлығы – 11 713 азамат сауығып шықты. Карантиндік стационарларға 23 тұлға орналастырылған. 10 зертханада тәулігіне шамамен 2600-2800 ПТР зерттеу жүргізілуде», - делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.



Жоғары қарай