Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жамбыл облысында 29 жастағы көпбалалы ана алтын алқа иесі атанды

2021 жылдың 26 ақпан 2021 00:28

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы Сарысу ауданының әкімі Бақытжан Жақсылықов көпбалалы аналарға алтын және күміс алқаны тапсырды. Мұндай құрметке аудан бойынша 25 ана ие болды. Оның ішінде ең жасы - 29 жастағы Арайлым Айтымбетова, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазіргі таңда Сарысу ауданында көпбалалы отбасылар саны - 1655, оның 1142-сі алтын, күміс алқа иелері.

Ал, Жаңатас қаласында тұратын көпбалалы аналар саны -1380.

Оның ішінде 1015 ана - 4 бала және одан көп баласы бар аналар, яғни мемлекеттік жәрдемақы алатындар.

365 ана - «Алтын алқа», «Күміс алқа», Батыр ана, 1-2 дәрежелі «Ана даңқы» медаль иелері.

Аудан әкімі Бақытжан Жақсылықов бүгін барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, алтын құрсақты аналарға алтын және күміс алқа мен кітапшаларды салтанатты түрде табыс етті.

«Сіздер тек балаларыңыздың алдында ғана ардақты емессіздер. Сіздер мемлекет алдында үлкен еңбек сіңіріп, мемлекет алдында елдің демографиялық өсуіне үлкен үлес қосып, абыройды асырдыңыздар», – деді аудан басшысы.

Шара барысында ақ жарма тілектер айтылып, көпбалалы аналар мемлекет тарапынан ана мен балаға жасалып отырған қамқорлыққа алғысын айтты.


Жоғары қарай