Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жамбыл облысында автокөлік 35 қойды қағып өлтірді

2021 жылдың 9 қыркүйек 2021 20:02

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында автокөлік бір отар қойды қағып кетті, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2021 жылғы жылғы 9 қыркүйекте таңертеңгі сағат 8 шамасында «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» тасжолының 325-шақырымында 25 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны «Hyundai Solaris» маркалы автокөлігімен Алматы қаласынан Тараз қаласы бағытында келе жатып, жол үстін кесіп өтпек болған бір отар қойды абайсызда қағып кеткен.

Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

- Жол-көлік оқиғасы салдарынан 35 қой өліп, 15 мал жараланған. Автокөлік жүргізушісі түрлі жарақатпен Меркі аудандық орталық ауруханасына жүгінді. Көлік айыптұраққа қойылды, – дейді Меркі аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Сәбит Мамытбеков.



Жоғары қарай